Мемлекеттік наградалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жұртшылығымен кездесіп, жиын соңында ерен еңбегімен үлес қосып жүрген бірқатар алматылық азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Соның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК балалар инфекционист дәрігері Роза Дүйсенбаева «Құрмет» орденімен наградталды.