ТМККК шеңберінде емдеу
ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде тегін стационарлық көмек) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 қаулысы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырысты тамақтану және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес стационарлық көмек нысанында көрсетілетін ТМККК мыналарды қамтиды:
- мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қараулары, консультациялары;
- Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
- медициналық қызметтер (ақылы қызметтерді қоспағанда), дәрілік қамтамасыз ету медициналық қызметтер (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- медициналық көрсеткіштер бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз ету;
- үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімге мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы Парақ бере отырып, медициналық ұйымда болу мүмкіндігін беру;
- бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы бала күтімі бойынша медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз ету;
- бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша емдеуге жатқызылған ананы (немесе басқа ата-ананы) балалар стационарына емдеуге жатқызылған адамдарға арналған талаптарға сәйкес медициналық ұйымда тегін тексерумен қамтамасыз ету (микрореакцияға арналған қан, бак себетін нәжіс, т/б анализдері);
- ерте уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылған медициналық оңалту;
- балалардың стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау.