Тарихы

Алматы қаласында алғаш рет балалар ауруханасы 1936 жылы Наркомземнің бұрынғы ғимаратында Калинин (қазіргі Қабанбай батыр көшесі) және Интернациональная (қазіргі Мәуленов көшесі) көшелерінің бұрышында ашылды. Бір қызығы, бірінші балалар ауруханасының 175 төсегінің 100 төсегі трахомамен ауыратын науқастарға арналған, ал қалғаны басқа балалар аурулары үшін 75 төсек-орын ғана болатын. Қазір кейбір елдерде жыл сайын миллионнан астам баланы көру қабілетінен айыратын жұқпалы ауру бізде де өзекті болғанына сенбеймін. Кеңес дәуіріні медицинасының жетістіктері трахома ауруын нөлге дейін азайтты. Алайда, жалпы алғанда, жұқпалы ауру тек өзгереді, бірақ төмендемейді.

Бүгінгі таңда басқа инфекция аурулары өзекті мәселеге айналған және де педиатр-инфекционистердің күш-жігері аталмыш инфекциялармен күресуге бағытталған.

Аурухананың төсек қоры осындай ұзақ мерзім ішінде бірнеше рет өзгерді және қазіргі уақытта клиника 360 төсекке орналастырылды.

БҚКИА базасында Қазақстанның екі жетекші медициналық жоғары оқу орны – С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің профессор -оқытушылар құрамы және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ұжымдары, сондай-ақ үш медициналық колледждің – Республикалық медициналық колледждің, Алматы қалалық медициналық колледжінің және «Эмили» мейіргерлер ісі бойынша институтының ұжымдары жұмыс істейді.

Ана мен бала денсаулығын жақсартудағы жоғары көрсеткіштері үшін клиника 2007 жылы «Алтын жүрек» Құрметті ұлттық наградасымен марапатталды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағдарламасы бойынша Қазақстанда балалар денсаулығын дамытуда қол жеткізген жетістіктері үшін аурухана «Еуропалық сапа белгісімен»марапатталды.

2020 жылғы 26 қазанда Алатау ауданының, «Теректі» ықшам ауданында орналасқан Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК базасында балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа модульдік инфекциялық стационар пайдалануға берілді. Модульдік стационардың құрылысын 01.08.2020 жылы еліміздегі ең ірі «BI GROUP»құрылыс компаниясы бастады. Құрылыстың аяқталу күні 01.10.2020 ж.

8 палаталы бөлімше бар, оның ішінде боксталған палаталары бар: 2 блок және жартылай боксталған 6 блок.

Палаталар:

Барлығы 300 төсек-орын, оларға 100% оттегі жеткізілді. Бөлімшелердегі әрбір төсек «Komax « байланыс жүйесімен жабдықталған, онда пациенттен шақыру батырмасының көмегімен сигналы мейіргерлер постына түседі және таблоға палата мен төсектің нөмірі көрсетіледі.

Аумақта оттегі-газдандыру станциясы бар. Әрбір реанимациялық палатада медициналық газдардың үш түрі шығатын консольдер жүргізілген.

Таза үй-жайлар кешені желдету және ауаны залалсыздандыру жүйесімен жабдықталған.

Барлық коммуналдық жүйелер тазарту қондырғылары арқылы үш рет тазалаудан өтеді, бұл стационардың қоршаған орта үшін қауіпсіз қызметіне кепілдік береді. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жаратудың заманауи жүйесі қарастырылған. Ағынды суларды залалсыздандыру жүйесі жұмыс істейді. Аурухана аумағында жедел медициналық жәрдем машиналарын дезинфекциялық өңдеу пункті бар.

Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған:

№ 9 қабылдау бөлімшесі. Науқастар инфекциялық стационарға келіп түскен кезде қабылдау «лас» аймақтан қабылдау бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау бөлімшесінің науқастарға арналған жеке кіру есігі болады. Науқастарды қабылдау арнайы бөлінген оқшауланған қарау бокстарында жеке жүргізіледі, онда сауалнама, сұрыптау, алғашқы тексеру, аурудың ауырлығын бағалау және диагностика, оның ішінде COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізіледі. КВИ-ға зерттеу нәтижелері дайын болғанға дейін балаларды №8 диагностикалық бөлімшеге емдеуге жатқызу жүзеге асырылады, онда 37 төсектік 18 бокс палатасы бар.

Талдау нәтижелерін алғаннан кейін балаларды бейінді бөлімшелер бойынша ауыстыру жүзеге асырылады:

Зертхана бөлімшесінде медициналық зерттеулердің барлық түрлері (ҚЖА, НЖА, биохимиялық зерттеулер, сондай-ақ COVID-19 арналған ПТР диагностикасы) қолжетімді.

№ 12 бөлімшеде ас блогы және кір жуу бөлімі жұмыс істейді.

Алматы қаласында алғаш рет балалар ауруханасы 1936 жылы Наркомземнің (Халықжеркомитетінің )бұрынғы ғимаратында Калинин (қазіргі Қабанбай батыр көшесі) және Интернациональная (қазіргі Мәуленов көшесі) көшелерінің бұрышында ашылды.

Бір қызығы, бірінші балалар ауруханасының 175 төсегінің 100 төсегі трахомамен ауыратын науқастарға арналған, ал қалған балалар аурулары үшін 75 төсек-орын ғана болатын. Қазір кейбір елдерде жыл сайын миллионнан астам баланы көруден айыратын жұқпалы ауру бізде де өзекті болғанына сенбеймін. Кеңестік медицинаның жетістіктері трахома ауруын нөлге дейін азайтты. Алайда, жалпы алғанда, жұқпалы ауру тек өзгереді, бірақ төмендемейді. Бүгінгі таңда басқа инфекциялар өзекті және педиатр-инфекционистердің күш-жігері олармен күресуге бағытталған.

Балалар ауруханасының бірінші бас дәрігері 1936 жылдан 1939 жылға дейін клиниканы басқарған Ксения Семеновна Суменова болды.

Әрі қарай:

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы 743 төсектік коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі-БМҚБ). Негізгі корпус Алматы қаласы, Байзақов – 299 «А» мекенжайында орналасқан, 1980 жылы салынған және 337 төсекке есептелген.

Құрылымында қабылдау бөлімі., 11 клиникалық бөлімше, КДО, 12 төсектік реанимация. 26.10.2020 ж.бастап Алатау ауданында орналасқан Алматы қ. ДСБ «балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында модульдік инфекциялық стационар пайдалануға берілді. Теректі, Ташкент трактісі-541, сыйымдылығы-260 төсек. Құрылымында қабылдау бөлімі., 8 клиникалық бөлімше, ДО, реанимациялық бөлімшелер-30 төсек.

146 төсектік модульдік филиал 2023 жылғы 15 наурыздан бастап Алатау ауданында қабылдау бөлмесі мен 4 клиникалық бөлімше, 6 төсектік реанимация, әкімшілік бөлім, Функционалдық диагностика бөлімшесі құрылымында жұмыс істейді.