Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі

Мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтар мен жауаптар

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылдың 5 ақпанында № 19982 болып тіркелген.

006. Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау

00601. Медициналық көмек

Кодтар 00601005

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (мемлекеттік қызмет)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР – ДСМ-2 бұйрығына сәйкес.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27218 болып тіркелген. «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы».

Пациенттің өтініші (емделуге келісімі) және құжаттары (жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылады.

Үзінді көшірме беру кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз тегін беріледі.

Емдеуші дәрігер үзінді көшірменің 2 данасын әзірлейді:

Үзінді көшірменің түпнұсқасы бекітілген нысан бойынша ресімделеді, оған емдеуші дәрігер қол қоя отырып, жеке дәрігерлік мөрмен куәландырылады.

Бұдан әрі үзінді көшірменің түпнұсқасы тексеріледі және бөлімше меңгерушісі қол қояды және клиниканың мөрімен куәландырылады.

Ресімделген үзінді көшірме науқасқа немесе оның заңды өкіліне ол стационардан кетер алдында беріледі. Бұл дана пациентті шығарғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша бақылауға жауапты медицина қызметкеріне де арналған.

Үзінді көшірменің бірінші көшірмесінде пациенттің заңды өкілі қол қояды және пациенттің немесе заңды өкілдің үзінді көшірмені алғаныны расталады. Бұл көшірме стационарлық науқастың медициналық картасына тігіледі.

Үзінді көшірменің көшірмесі пациентті шығарғаннан кейін бақылауға және емдеуге жауапты дәрігерге немесе медицина қызметкеріне арналған. Басқа ұйымға ауысқан кезде үзінді көшірме науқаспен бірге тасымалданады.

№ п/п

Мемлекеттік қызмет коды

Мемлекеттік қызметтің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы

281.

0601007

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру

ДСМ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР – ДСМ-2 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 Наурызда № 27218 болып тіркелген.