Балалардағы коронавирус жайында жиі қойылатын 10 сұрақ
Балалардағы коронавирус жайында жиі қойылатын 10 сұрақ
- Балалар коронавируспен қандай ауырлықта ауырады? Балалар арасында коронавирусты жұқпалы ауру жиі симптомсыз түрде және жеңіл түрде өтеді. Орташа ауырлық жағдайында ауырған балалар бар. Баланың қосалқы созылмалы аурулары және олардың күрделі түрлері болған сайын, сырқаттың ауырлық дәрежесіне әсері болады.
- Балалар он-лайн оқыған кезде де жұқтырып алу себебі неде? Балалар он-лайн оқыған кезде де жұқтырып алу себебі отбасындағы ересектердің бірінші болып сырқаттануында. Сол себепті, ересектер коронавирусқа қарсы егілген жөн. Қазір егу барлық емханаларда, ойын сауық орталықтарында, тіпті медицина қызметкерлері жұмыс ұжымдарына шығып егу жұмыстарын тегін жүргізуде.
- Балалар бетперде тағулары міндетті ме? Таза ауада серуендегенде, арақашықтықты сақтау жағдайында қажет емес. Көпшілік көлік пайдаланғанда, ауасы желдетілмейтін, жабық жерлерде, көпшілік жүретін жерде киюді қажет етеді.
- Балаларға қандай антисетик қолданған жөн? Аэрозольді, спиртсіз антисептиктер қолдануға болады.
- Қандай сақтық шаралар бар? Көпшілік ортаға баланы апармау, жеке бас гигиенасын ұстану, қауіпсіз арақашықтықты сақтау, амласыз көпшілік ортаға баратын болса бетпердемен жүру,қолды жиі жуу.
- Бала сырқаттанғанда не істеу керек? Мекен –жай бойынша дәрігер немесе шұғыл жәрдем шақыру.
- Қандай балаларды ауруханаға жатқызады? Ауру белгілері болса және ПТР оң болған жағдайда, эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты-тығыз контактіде болып, оқшаулауға жағдай болмаса, ПТР теріс,бірақ тығыз қатынаста болып, тұмаурату белгілері болған жағдайда.
- Қанша күнде балалалар жазылып шығады? Орташа есеппен 7-10 күнде
- Балаларда асқыну болады. Жалпы сырқат ағымы балаларда көп жағдайда қолайлы, асқынусыз өтеді, алай да жалпы жағдайына, қосалқы сырқаттарына байланысты.
- Ауруханадан емделіп шыққан соң, ем жалғастыру керек пе? Бала ауруханадан толық жазылып шығады,оның алдында лабораторлық зерттеулер қайта тексеріледі, қалыпты болғанда, ауруханадан шығарылады,әрі қарай, жергілікті дәрігердің бақылауында болады. Жергілікті дәрігер қажет жағдайда, қосымша зерттеулер тағайындап тұрады, егер қосалқы –анемия, диатез сияқты аурулары болса,әрине бақылауда ұстап, емін тағайындайды.
Бұл ережелер басқа да қауіпті жұқпалы аурулардың алудың басты шарттары.
Иллюстрация интернет желісінен