2020 жылғы 26 қазанда Алатау ауданы, «Теректі» ы / а орналасқан Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК базасында жаңа модульдік инфекциялық стационар пайдалануға берілді. Аталмыш филиал балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған.
Палаталар:
Барлығы 300 төсек-орын, оларға 100% оттегі жеткізілді. Бөлімшелердегі әрбір төсек Komax байланыс жүйесімен жабдықталған, онда пациенттен шақыру батырмасының көмегімен сигнал мейірбике постына түседі және таблоға палата мен төсектің нөмірі көрсетіледі.
Аумақта оттегі-газдандыру станциясы бар. Әрбір реанимациялық палатада медициналық газдардың үш түрі шығатын консольдер жүргізілген.
Таза Үй-жайлар кешені желдету және ауаны залалсыздандыру жүйесімен жабдықталған.
Барлық коммуналдық жүйелер тазарту қондырғылары арқылы үш рет тазалаудан өтеді, бұл стационардың қоршаған орта үшін қауіпсіз қызметіне кепілдік береді. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жаратудың заманауи жүйесі қарастырылған. Ағынды суларды залалсыздандыру жүйесі жұмыс істейді. Аурухана аумағында жедел медициналық жәрдем машиналарын дезинфекциялық өңдеу пункті бар.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған:
№ 9 қабылдау бөлімшесі. Науқастар инфекциялық стационарға келіп түскен кезде қабылдау «лас» аймақтан қабылдау бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдау бөлімшесінің науқастарға арналған жеке кіру есігі болады. Науқастарды қабылдау арнайы бөлінген оқшауланған қарау бокстарында жеке жүргізіледі, онда сауалнама, сұрыптау, алғашқы тексеру, аурудың ауырлығын бағалау және диагностика, оның ішінде COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеру жүргізіледі. КВИ-ға зерттеу нәтижелері дайын болғанға дейін балаларды №8 диагностикалық бөлімшеге емдеуге жатқызу жүзеге асырылады, онда 37 төсектік 18 бокс палатасы бар.
Талдау нәтижелерін алғаннан кейін балаларды бейінді бөлімшелер бойынша ауыстыру жүзеге асырылады: