Бүгін 27 қыркүйек күні, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасымен бірлесіп БАЛАЛАРДАҒЫ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ЖҰҚПАЛАРДЫҢ (ЖРВИ, ТҰМАУ, ҚЫЗЫЛША, КӨКЖӨТЕЛ, МАЙМЫЛ ШЕШЕГІ, ҚҰРСАҚІШІЛІК ЦИТОМЕГАЛОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ) ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ СӘЙКЕС ДӘРІГЕРДІҢ ТАКТИКАСЫ тақырыбында ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ өткізді.
Спикерлер диагностиканың, ерте көмек көрсету, дәрігердің амбулаториялық деңгейдегі тактикасы, балалар жұқпаларының өзекті мәселелері бойынша емдеудегі заманауи көзқарастарын айтты.
Конференцияның модераторы Катарбаев А.К., м.ғ.д., профессор, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі.
Директор Сералин Ержан Булатбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне 2023-2024 жж. ЖРВИ және пневмония бойынша сырқаттанушылық динамикасы, сырқаттанушылықтың ауырлығы мен ағымына әсер ететін негізгі себептер туралы мәліметтерді айтты.
Баяндамалар:
«Алматы қ. балалары арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық».
баяндамашы – Алматы қаласы бойынша СЭБД жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы
Ахметова Алмаш Сәрсенбайқызы.
«Жедел респираторлық инфекциялар (тұмау, ЖРВИ, COVID-19). Клиника, диагностика және дифференциалды диагностика».
Танирбергенова А.Ж., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті
Балалардағы вирустық инфекциялар маусымындағы БМСК дәрігерінің тактикасы: ұтымды антибиотикалық терапия және ыстық түсіретін дәрілерді негізделген тағайындама жасау.
Оналбаева Г.Ж., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті
«БМСП деңгейінде балалардағы жедел пневмония және обструктивтік синдромындағы ем жүргізу тактикасы»
Сейсебаева Р.Ж., .Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ амбулаторлық-емханалық педиатрия кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д.
«Вакцинамен басқарылатын инфекция: балалардағы қызылша».
Катарбаев А.К., м.ғ.д., профессор, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі.
«Балалардағы көкжөтел: проблемаларға заманауи көзқарас».
Умешева К.А., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті
«Маймыл шешегінің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емі»
Куттыкужанова Г.Г., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасы м.ғ.д., профессор.
«Балалардағы цитомегаловирустық инфекциясы емдеудң тактикасы».
Куттыкужанова Г.Г., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасы, м.ғ.д., профессор.