Қазіргі заманғы медицина көп бағытты және бір орында тұрмай, үнемі даму барысында.
Емдеу әдістері мен жаңа диагностика тәсілдері үнемі жаңарып келеді. Шет елдер дәрігерлерінің бір -бірімен тәжірибе алмасуы- медицинада тірек болған «алпауытының» бірі болып табылады. Тәжірибе алмасу аясында Өзбекстан Республикасының бас балалар анестезиолог-реаниматологы,
профессор Эльмира Абдусаматова Сатвалдиева Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлермен кездесуге келді.
Септикалық жағдайы бар науқастарға реанимациялық көмек көрсету мәселелері және сепсисті емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды.
Кездесу нәтижелі болды, қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселелерін талқылау үдерісін жандандыру тәсілі ретінде біріздендіру тақырыптары бойынша пікірталастар болды.