«Апорт» филиалының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мырзабекова Динара Рысбаевна сертификатталған жаттықтырушы ретінде дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне «Көк код» бағдарламасы және BLS (негізгі жүрек-өкпе реанимациясы) бойынша тұрақты түрде оқыту жүргізеді.
Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлерінің білім деңгейін жоғары деңгейде ұстап, шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда нақты әрекеттерді меңгеруіне ықпал етеді.