Қоғамдық даму орталығы «Таза Қазақстан» жобасы аясында өз парақшасында @ruh.almaty «Таза Алматы» ақпараттық айдарын бастады.
Бұл айдардың мақсаты — қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Экологиялық әдет қалыптастыруды өзімізден бастайық!
8 сәуірден бастап елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Әркім өзінен бастау арқылы осы мәселені шешуге қадам жасай алады.
Сондықтан біз әркімді акцияға қатысуға шақырамыз.
Құрметпен : БҚКИА ұжымы