Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Іс-шараға аурухана басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Аурухана директоры Е. Сералин құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде халқымыздың тәуелсіздікке жету жолында бастан өткерген тарихи қиындықтарына тоқталды. Ол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары Қазақстан халқының еркіндікке, азаттыққа деген ұмтылысын бүкіл әлемге танытқанын атап өтті. Осы ерліктің нәтижесінде 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін жариялады.
Директор Тәуелсіздіктің еліміздің ең басты құндылығы, баға жетпес байлығы, мемлекеттің тұрақтылығы мен халықтың еркіндігінің кепілі екенін ерекше атап өтті.
Салтанатты жиын барысында медицина қызметкерлерінің ел денсаулығын қорғаудағы еңбегі атап өтіліп, ұжым тарапынан әріптестерге, ата-аналарға және кішкентай пациенттерге Тәуелсіздік күніне орай жылы лебіздер білдірілді.
Іс-шара соңында аурухана ұжымы Қазақстан Республикасының Туын биік көтеріп, елдің гүлденуі мен халық игілігі жолында адал қызмет етуге дайын екенін жеткізді.