Бүгін Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлерге арналған семинар өтті.
Семинар спикері – профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар инфекционисі, кафедра меңгерушісі Баешева Динагуль Аяпбековна.
Семинар тақырыбы:
«Қызылша: клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы. Өткеннің сабақтары, қауіп тобына жататын балалар үшін терапиялық терезе».
Іс-шара акт залында офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылды. Кіріспе сөзінде лектор ДГКИБ жұмысын клиникалық тұрғыдан тиімді, ұйымдастырушылық деңгейі жоғары, эпидемиологиялық тұрғыдан тұрақты, қаржылық жағынан орнықты және пациенттердің қанағаттану деңгейі жоғары мекеме ретінде атап өтті. Профессор сондай-ақ, ауруханадағы Ситуациялық орталықтың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және мамандарды даярлауда, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда әрі тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Семинар барысында балалар арасындағы қызылша мәселелері кеңінен талқыланып, күрделі клиникалық жағдайлар бойынша оқу кейстері ұсынылды. Сонымен қатар, қауіп тобына жататын балалардағы аурудың ағымының ерекшеліктері қарастырылды.