Научно-практический семинар по вопросам кори для врачей ПМСП

Бүгін ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК базасында Наурызбай және Алатау аудандарының бастапқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) дәрігерлеріне арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Іс-шара офлайн форматта БҚКЖАА-ның мәжіліс залында ұйымдастырылып, балалар жұқпалы аурулары саласындағы мамандарды біріктірді.

Семинардың дәріскері — Баешева Динагуль Аяпбековна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі-нің штаттан тыс бас балалар инфекционисі, Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі.

Семинар тақырыбы: «Қызылша: клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу. Өткеннің сабақтары, қауіп тобына жататын балалар үшін БМСК деңгейіндегі терапевтикалық терезе».

Іс-шара барысында қызылшаның клиникалық ағымының өзекті мәселелері, заманауи диагностикалау және емдеу тәсілдері, алдын алу ерекшеліктері, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде қауіп тобына жататын пациенттерді жүргізу тактикасы талқыланды.

Осындай ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізу МСАК дәрігерлерінің біліктілігін арттыруға, ерте диагностика мен пациенттерді тиімді маршруттау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасын нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары БҚКЖАА базасында жұмыс істейтін Балалар жұқпалы аурулары бойынша құзыреттілік орталығының қызметімен, оның клиникалық мүмкіндіктерімен, заманауи терапевтикалық тәсілдерімен және денсаулық сақтау жүйесіндегі деңгейаралық өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуымен танысты.