ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ

2026 жылдың 7 наурызынан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, қабылданған Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Бұл өзгерістер Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді көздейді. Аталған бап медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғу үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.

Құжат нормаларына сәйкес:

Сонымен қатар заңнамалық өзгерістермен қатар медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде.

Орта мерзімді кезеңде мынадай шаралар жоспарланған:

Бұған дейін Президент медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін мұндай оқиғалар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес құқықтық алаңда қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін атап өткен болатын.

2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне қатысты 280-нен астам шабуыл фактісі тіркелген.