Зертхана мамандары көптеген зерттеулердің кең ауқымын, соның ішінде сирек және бірегей талдауларды орындайды. Олардың дәлдігі диагноз қою мен емдеудің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
15 сәуір – Зертханалық диагностика мамандарының халықаралық күні.
Зертханалық диагностика – БҚКЖАА қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Зертхана қызметкерлерінің кәсібилігіне балалардың денсаулығы, ал кей жағдайда өмірі тікелей байланысты.
Бұл мерекенің тарихы бірнеше жыл бұрын кейбір елдерде медициналық зертханашылар күні ретінде аталып өте бастауынан бастау алады. Уақыт өте келе оның ауқымы кеңейіп, зертханалық қызметтің барлық мамандарын – биологтарды, химиктерді және диагностика саласында еңбек ететін басқа да қызметкерлерді біріктірді.
БҚКЖАА зертхана қызметкерлері күн сайын әртүрлі биологиялық материалдарды жинап, талдау жүргізеді. Бұл дәрігерлерге ауруларды дер кезінде анықтауға және кішкентай пациенттердің денсаулық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, олар зерттеулердің сапасын бақылауды, талдаулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырып, заманауи диагностика әдістерін енгізуге қатысады.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зерттеу нәтижелерінің мінсіз дәлдігін, кәсіби міндеттерді табысты орындауды, жаңа жетістіктер мен мықты денсаулық тілейміз!
Еңбектеріңізге алғыс білдіреміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!
БҚКЖАА әкімшілігі