Жүзенова Гүлмира Садыбакасқызы — Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК клинико-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, жалпы еңбек өтілі 33 жылды құрайтын жоғары білікті маман.
Еңбек жолын 1996 жылы аталған мекемеде клинико-диагностикалық зертхананың дәрігер-лаборанты қызметінен бастаған. 1999 жылы клинико-диагностикалық зертхана меңгерушісі болып тағайындалды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін клинико-диагностикалық бөлімшені басқарып келеді.
Гүлмира Садыбакасқызының жетекшілігімен зертханалық қызметті дамытуға елеулі үлес қосылды. Ол безгек ауруы бойынша (қан жағындылары және «қалың тамшы») және инфекциялық мононуклеоз бойынша оқу-диагностикалық материалдар коллекциясын қалыптастырды. Бұл материалдар жас дәрігер-лаборанттарды, ҚазҰМУ мен РМК зертханалық диагностика кафедрасының студенттерін оқытуда, сондай-ақ Алматы қаласының емдеу-профилактикалық ұйымдарының тәжірибелік дәрігерлері үшін кеңінен қолданылады.
Жүзенова Г.С. ҚазҰМУ-дың бейінді кафедрасымен, бөлімше меңгерушілерімен және клиницист дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зертханалық талдауларды интерпретациялауға және науқастарды әрі қарай тексеру тактикасын анықтауға белсенді қатысады.
2012 жылдан бастап «Ұлттық медициналық қауымдастық» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрметті мүшесі. 2013 жылы «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді. Біліктілігін жүйелі түрде арттырып, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға тұрақты түрде қатысады.
Гүлмира Садыбакасқызының еңбегі жоғары марапаттармен атап өтілген:
Ол ғылыми және білім беру қызметіне белсенді қатысып, кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігі әріптестері тарапынан зор құрметке ие.
Ұжымда беделі жоғары, әріптестерімен тіл табыса біледі, әрдайым көмек көрсетуге дайын, тәжірибесімен бөлісіп, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға белсенді қатысады. Бұл ұжым жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.