Инфекционистерге тегін кеңес беру-1 маусым

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күнін өткізу туралы

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» Халықаралық балаларды қорғау күніне орай тұрғындар үшін Ашық есік күнін өткізетінін хабарлайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың балалар денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттануын арттыру, сондай-ақ тұрғындарға консультативтік көмек көрсету.

Ашық есік күні барысында қала тұрғындары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті профессорларынан, инфекционист дәрігерлерден кеңес алып, балалар арасындағы жұқпалы аурулардың алдын алу және балалар денсаулығын нығайту бойынша ұсынымдар ала алады.

Өткізу күні: 2026 жылғы 1 маусым
Уақыты: сағ 9.00ден 12.00ге дейін.
Өтетін орны: Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы

Барша ата-аналар мен балаларды іс-шараға қатысып, білікті мамандардан кеңес алуға шақырамыз.