Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Алматы қаласының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК 2026 жылғы 29 мамыр күні Алматы қаласында өтетін:
«Балалар инфекциялары: клиникалық ұсынымдардан тәжірибеге дейін» атты қалалық конференцияның өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конференция Алматы қаласының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында өтеді.
Конференция ұйымдастырушылары:
Конференция жұмысына дәрігерлерді, денсаулық сақтау саласының мамандарын, оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді, резиденттер мен медицина жоғары оқу орындарының студенттерін қатысуға шақырамыз.
Конференция тақырыбы: «Балалар инфекциялары: клиникалық ұсынымдардан тәжірибеге дейін»
Өтетін күні: 2026 жылғы 29 мамыр
Қатысушыларды тіркеу: 13:30
Конференцияның басталуы: 14:00
Өтетін орны: Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы 4-қабат, конференц-зал
Өткізу форматы: Офлайн / онлайн
Конференция модераторы:
Қатарбаев Әділ Қайырбекұлы — медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі.
Конференция балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерін, сондай-ақ пациенттерді жүргізудің заманауи клиникалық тәсілдерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналады.
Іс-шара аясында жетекші мамандардың баяндамалары, клиникалық ұсынымдар және инфекциялық патологиясы бар пациенттерді жүргізудің тәжірибелік тәсілдері ұсынылады.
Конференция соңында пікірталас, өзекті мәселелерді талқылау және қорытынды шығару жоспарланған.