Алматыда Балалар инфекцияларының құзыреттілік орталығы 1 маусымда ашылады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК Балаларды қорғау халықаралық күні аясында 2026 жылғы 1 маусымда Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығының салтанатты ашылуы өтетінін хабарлайды.

Орталықтың құрылуы жұқпалы ауруларға шалдыққан балаларға мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ өңірлік деңгейде инфекциялық қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Орталықтың негізгі міндеттері:

Орталықтың ашылуы Алматы қаласындағы балалар инфекциялық қызметін дамытудағы маңызды қадам болмақ және өңіраралық өзара іс-қимылды күшейтуге, заманауи медициналық тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, медицина қауымдастығын және жұртшылықты Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні: 2026 жылғы 1 маусым
Уақыты: сағат 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК.