Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық 2026 жылғы 10 маусымда ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК базасында төтенше жағдайлар туындаған кездегі персонал мен пациенттердің іс-қимылдарын пысықтауға арналған сейсмикалық және өрт кезіндегі эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара сағат 11:00-де басталып, жер сілкінісі болған жағдайда әрекет ету алгоритмін және кейіннен өрт туындаған кездегі адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау тәртібін пысықтауға бағытталды.
Оқу-жаттығу басталар алдында аурухана басшылығы құрылымдық бөлімшелердің дайындық деңгейін тексерді. Бөлімше меңгерушілері қызметкерлерге қауіпсіздік талаптарын сақтау, дабыл сигналы берілген кездегі іс-қимыл тәртібі және эвакуациялау бағыттары бойынша нұсқама жүргізді.
Белгіленген дабыл сигналы бойынша қызметкерлер мен пациенттер жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз орындарға орналастырылып, одан кейін төтенше жағдайлар кезінде жиналу алаңына ұйымдасқан түрде эвакуацияланды. Бөлімше басшылары қызметкерлер мен пациенттердің толық құрамын тексеріп, нәтижелері туралы аурухана басшылығына баяндады.
Оқу-жаттығу барысында құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл, азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы, байланыс ұйымдастыру және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі пысықталды.
Іс-шараға аурухана директоры Е. Сералин, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Е.М. Қайыпов, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, медицина қызметкерлері және стационар пациенттері қатысты.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша аурухана директоры қатысушылардың іс-қимылдарына талдау жүргізіп, персоналдың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығына баға берді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Өткізілген оқу-жаттығу БҚКЖАА қызметкерлерінің төтенше жағдайлар туындаған кезде пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел, үйлесімді және ұйымдасқан түрде әрекет етуге дайын екенін көрсетті.