Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Алматы қаласында Балалар инфекциялық аурулары бойынша құзыреттілік орталығының қызметіне арналған бірлескен кеңес өтті
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халыққа мамандандырылған медициналық көмекті заманауи және инновациялық технологияларды қолдана отырып жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
2026 жылғы 10 маусымда Алматы қаласының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында Балалар инфекциялық аурулары бойынша құзыреттілік орталығының қызметіне арналған бірлескен кеңес өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты балаларға инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылау, озық тәжірибелер мен заманауи тәсілдерді амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысына енгізу, сондай-ақ Балалар инфекциялық аурулары бойынша құзыреттілік орталығымен өзара іс-қимылды дамыту болды.
Кеңес жұмысына емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі директорлардың орынбасарлары (балалар қызметі бойынша), инфекционист дәрігерлер, инфекциялық аурулар кабинеттерінің (ИАК) мамандары, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және балалар инфекциялық аурулары саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.
Кеңесті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Тұрсынбекқызы Иманғалиева ашып, балаларға инфекциялық аурулар бойынша медициналық көмек көрсетуді одан әрі жетілдірудің және медициналық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
Баяндамалармен сөз сөйлегендер:
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар балалардағы инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай іс-шараларды өткізу медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.