Құрметті марапатпен құттықтаймыз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК ұжымы аурухана филиалының аға дәрігері Абдрахманова Карлыгаш Несіпбайқызын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградасымен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды.

Карлыгаш Несіпбайқызы еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне деген жауапкершілігі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атынан ведомстволық наградаға ие болды.

Бұл жоғары марапат – Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен балалар денсаулығын сақтау жолындағы өлшеусіз үлесіңіздің лайықты бағасы.

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, толағай табыстар, кәсіби жетістіктер мен игі бастамаларыңыздың жүзеге аса беруін тілейміз!

Марапатыңыз құтты болсын!