Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында (БҚКЖАА) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шара барысында аурухананың қызмет нәтижелері, Госпитальдық фармация бөлімшесінің жұмысы және кәсіподақ ұйымының есебі ұсынылды.
Негізгі баяндамамен БҚКЖАА директоры Ержан Сералин сөз сөйлеп, 2026 жылдың алғашқы алты айындағы мекеменің негізгі қызмет көрсеткіштерін таныстырды.
Есепті кезеңде ауруханаға 75 515 өтініш тіркеліп, 22 400 бала стационарлық емдеуге жатқызылды, 22 903 пациент сауығып шығарылды. Жалпы жүгінушілер санының азаюына қарамастан, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2,7%-ға артты. Бұл балаларға мамандандырылған стационарлық медициналық көмекке деген сұраныстың жоғары деңгейде сақталып отырғанын көрсетеді.
Баяндамада медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылды. Қабылданған ұйымдастырушылық және клиникалық шаралардың нәтижесінде өлім-жітім көрсеткіші 0,05%-дан 0,03%-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар кадрлық әлеуетті нығайту, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және сапаны басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Директор бірінші жартыжылдықтағы маңызды жетістіктер қатарында Балалар жұқпалы аурулары бойынша Құзыреттер орталығының ашылуын, Госпитальдық фармация бөлімшесінің құрылуын, медицина қызметкерлерін симуляциялық оқытуды дамыту, цифрландыру жобаларын іске асыру, инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру және аурухананың негізгі корпусын ауқымды қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстарын атап өтті.
Госпитальдық фармация бөлімшесінің қызметі туралы клиникалық фармаколог Динара Торегелдиевна баяндама жасады. Оның айтуынша, бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық фармакология қызметін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында құрылып, 2026 жылдың мамыр айында жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта БҚКЖАА филиалының сегіз клиникалық бөлімшесі госпитальдық фармация жүйесіне қосылған. Дәрілік қамтамасыз етудің толық орталықтандырылған циклі ұйымдастырылған: дәрігер тағайындауларын тексеруден бастап фармацевтикалық бақылау, дәрілік препараттарды дайындау, сұйылту, таңбалау және пациенттерге беруге дейінгі барлық кезең қамтылған. Барлық дәрігерлік тағайындаулар клиникалық фармаколог пен фармацевт тарапынан 100 пайыздық қосарланған бақылаудан өтеді. Бұл дәрілік терапияның қауіпсіздігін арттыруға, медикаментоздық қателіктердің алдын алуға және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында аурухананың кәсіподақ ұйымының есебі де тыңдалды. Есепті кәсіподақ комитетінің төрайымы Әлия Бейсембаева ұсынды.
Өз баяндамасында ол 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметкерлерге материалдық көмек көрсетілгенін, мерекелік және корпоративтік іс-шаралар ұйымдастырылғанын, Халықаралық әйелдер күніне, Мейіргер күніне, Медицина қызметкері күніне, Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілгенін, ауызашар ұйымдастырылып, мерейтой иелері мен туған күн иелері құттықталғанын, сондай-ақ аурухана қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетілгенін атап өтті.
Екінші жартыжылдықта кәсіподақ ұйымы әкімшілікпен әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайтуға, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуге, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды дамытуға, сондай-ақ кәсіподақ қаражатын тиімді пайдалануды арттыруға басымдық береді.
Кеңес қорытындысы бойынша БҚКЖАА басшылығы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін одан әрі арттыру, госпитальдық фармация қызметін дамыту, сапаны басқару жүйесін жетілдіру, негізгі корпусты қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстарын жалғастыру, заманауи медициналық технологияларды енгізу және мекеменің стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу негізгі басымдықтар болып қала беретінін атап өтті.