Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық 2026 жылғы 7 қыркүйекте БҚКЖАА базасында «Туберкулезді зертханалық диагностикалау үшін қақырықты жинау ережелері мен әдістері» тақырыбында оқыту іс-шарасы өтті.
Іс-шараның спикері — ШЖҚ «Фтизиопульмонология орталығы» МКК бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Адилова Гушэм Мухаметжановна.
Оқытуға ДГКИБ дәрігерлері, зертхана қызметкерлері және орта медицина персоналы қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар туберкулезді зертханалық диагностикалау кезінде биологиялық материалды дұрыс жинау ережелерін, пациенттерді рәсімге дайындау ерекшеліктерін, сондай-ақ қақырықты сақтау және зертханаға тасымалдау талаптарын талқылады.
Оқыту барысында алынған практикалық ұсынымдар медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін жетілдіруге және диагностикалық зерттеулерді сапалы жүргізуге ықпал етеді.
Осындай оқыту іс-шараларын жүйелі түрде өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, зертханалық диагностика стандарттарын сақтауға және медициналық көмектің сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.