Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Алматы, 2026 жылғы 23 қыркүйек
2026 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының «Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» КМК ШЖҚ және «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Балалар инфекцияларының өзекті мәселелері: ерте диагностикалаудан профилактикаға дейін» тақырыбында қалалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – жаһандық өзгерістер дәуіріндегі балалар инфектологиясының өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ балалардағы инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және профилактикасы бойынша кәсіби тәжірибе алмасу.
Конференция жұмысына инфекциялық аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету тәсілдерін жетілдіруге мүдделі медицина мамандары қатысты.
Конференция модераторы – Катарбаев Адыл Каирбекович, профессор, медицина ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі.
Қатысушыларға құттықтау сөзді Сералин Ержан Булатбекович, Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері айтты.
Конференция барысында балалар инфекциялық қызметінің өзекті мәселелеріне арналған бірқатар баяндамалар ұсынылды:
Іс-шара баяндамаларды талқылау, пікір алмасу және қалалық конференция қорытындыларын шығарумен аяқталды.
Осындай кәсіби іс-шараларды өткізу мамандар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ балалардағы инфекциялық ауруларды диагностикалау, емдеу және профилактикасы бойынша тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.