Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерге құрмет көрсетілді

16 қараша — Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Е. Сералин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мереке қарсаңында Е. Сералин анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерге жауапты да күрделі еңбектері үшін алғыс білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық және кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ «Ақниет» кәсіподағы атынан медицина қызметкерлеріне мерекелік сыйлықтар табысталды.

Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің еңбегі — адам өмірін сақтап қалуда, әсіресе балалардың денсаулығын қорғауда маңызы зор жауапты қызмет. Олардың кәсібилігі, біліктілігі мен жанкешті еңбегі зор құрметке лайық.

Барша анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерге қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз қызметі.