Алғыс

Құрметті Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 4-бөлімшенің медициналық қызметкерлері және емдеуші дәрігер Зинаида Жұмабекқызы!

Немерем Дамелияның (3 жас 9 ай) жедел вирустық инфекция және вирустық диарея диагнозымен ем қабылдауы кезінде көрсеткен кәсіби біліктіліктеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Әсіресе, емдеуші дәрігер Зинаида Жұмабекқызына және 4-бөлімшенің барша медициналық қызметкерлеріне кішкентай пациентке көрсеткен ықыластарыңыз, жауапкершіліктеріңіз, жылы қарым-қатынастарыңыз бен сапалы медициналық көмектеріңіз үшін ерекше ризашылығымды білдіремін.

Баланың денсаулығына алаңдаған жақындары үшін дәрігердің кәсібилігімен қатар, жылы сөзі мен мейірімді қарым-қатынасының да маңызы зор. Сіздердің еңбектеріңіз бен жанашырлықтарыңыз біз үшін өте қымбат.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер және абырой тілеймін! Әрдайым адам жанына араша болып, балалардың сауығып кетуіне үлес қоса беріңіздер!

Ізгі құрметпен және шынайы алғысыммен, Дамелияның әжесі — Ермағанбетова Сәндігүл #Алғыс #АлғысХат #АқЖол #ДәрігерлергеАлғыс #МедицинаҚызметкерлерінеАлғыс #Рақмет #Апорт #6Бөлімше #Дәрігерлер #Мейірбикелер