БҚКЖАА-ның ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының күні қарсаңында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасында (БҚКЖАА) мерекелік құттықтау рәсімі өтті.

Аурухана директоры Ержан Сералин ұжым қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтап, олардың денсаулық сақтау саласын дамытуға, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуге және халықтың денсаулығын қорғауға қосқан үлесін атап өтті.

Мерекеге орай кәсіби міндеттерін адал атқарып, жоғары жауапкершілік пен біліктілік танытқан бірқатар қызметкер марапаттарға және «Алғыс хаттарға» ие болды.

Директор өз сөзінде медицина қызметкерлерінің еңбегі қоғам үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, ұжымға күнделікті қажырлы еңбегі, кәсібіне деген адалдығы және кішкентай пациенттердің денсаулығын сақтау жолындағы жауапты қызметі үшін алғысын білдірді.

Мұндай марапаттау рәсімдері медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби ынтасын арттыруға және ұжымдық бірлікті нығайтуға бағытталған.

БҚКЖАА-ның ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды!

Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, бірлік пен келісім салтанат құрсын! Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілейміз!