Алматы қаласында балалар инфекциялық қауіпсіздігі мәселелеріне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматы қаласында балалар инфекциялық қауіпсіздігі мәселелеріне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Алматы қаласы, 2026 жылғы 30 қазан

2026 жылғы 30 қазанда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында «Балалар инфекциялық қауіпсіздігі: маймыл шешегі, тырысқақ, ботулизм, туляремия және сібір жарасының заманауи аспектілері» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Конференция офлайн және онлайн форматта, қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Оған инфекциялық қызмет мамандары, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, балалар инфекционистері мен қалалық медициналық ұйымдардың эпидемиологтары қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – балалар арасында аса қауіпті инфекциялық ауруларды ерте анықтау, диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін жетілдіру, медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз ету және инфекциялардың таралуының алдын алу бойынша медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық дайындығын арттыру.

Конференция модераторы – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Адыл Қайырбекұлы Қатарбаев болды.

Іс-шараның ашылуында Алматы қаласы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері Ержан Болатбекұлы Сералин құттықтау сөз сөйлеп, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруда мамандардың кәсіби даярлығы, салааралық өзара іс-қимыл және эпидемиологиялық қырағылықтың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми бағдарлама аясында аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы, клиникалық ағымы, зертханалық диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жетекші мамандары келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады:

Сонымен қатар, әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы оба бойынша эпидемиологиялық жағдай, обаға күдікті науқас анықталған кездегі эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, стационар жағдайында биологиялық қауіп-қатерлерді бағалау және бақылау қағидаттары бойынша баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандары да баяндама жасады.

Атап айтқанда:

Баяндамаларда оба инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, ықтимал қауіптерді бағалау, инфекцияға күдікті жағдайлар анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмдері және медициналық ұйымдардағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.

Конференцияның қорытынды бөлімінде қатысушылар арасында пікір алмасу, кәсіби талқылау өткізіліп, балалар инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері қарастырылды.

Мұндай ғылыми-практикалық іс-шаралар медициналық мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инфекциялық қызметтің өзара іс-қимылын нығайтуға, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға және Алматы қаласының медициналық ұйымдарының эпидемиологиялық дайындығын жетілдіруге бағытталған.

Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы инфекциялық қызметті дамыту, инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.