Алғыс медицина қызметкерлеріне: кәсіби көмек пен қамқорлық үшін

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының» басшылығына және барша ұжымына!

Мен, Айнұр, ұлдарым Әбілқайыр Айсұлтан (1 жас 4 ай) және Әбілқайыр Әлімхан (4 жас) бронхит диагнозымен ем қабылдаған кезеңде көрсеткен кәсіби көмектеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Әсіресе, емдеуші дәрігеріміз Тоқтасын Г.С.-ға ерекше ризашылығымды айтқым келеді. Балаларымызға мұқият қарап, дер кезінде ем-шараларын жүргізіп, әрдайым жылы қабақ танытып, ана ретінде бізге қолдау көрсетті.

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз, мейірімділіктеріңіз бен адамгершіліктеріңіз біз үшін өте бағалы.

Балалардың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және абырой тілеймін!

Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс!

Құрметпен, балалардың анасы Айнұр