ҚКЖАА-ның директоры азаматтарды жеке қабылдады

2026 жылғы 11 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК-де бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Жеке қабылдауды аурухана директоры Сералин Ержан Болатбекұлы жүргізді.

Қабылдау барысында қала тұрғындары медициналық көмекті ұйымдастыру және оның сапасы, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ медициналық ұйымның қызметіне қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Аурухана директоры әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берді. Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді қарау жөнінде тиісті шаралар айқындалып, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.

ҚКЖАА тұрғындармен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға әрдайым дайын. Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен кері байланысты нығайтудың, тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюдың және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың маңызды тетігі.

Біз азаматтардың сенімін бағалаймыз және әрбір балаға сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсетуге ұмтыламыз! #ДГКИБ #БалаларДенсаулығы #ЖекеҚабылдау #АзаматтардыҚабылдау #АшықДиалог #ХалықпенКеріБайланыс #СапалыМедициналықКөмек #ҚолжетімдіМедицина #ДенсаулықСақтау #Алматы #УОЗАлматы #БалаларАуруханасы #ХалықҮшін #БізСіздерҮшін