БҚКЖАА -да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы миссиясының мониторингтік сапары өтті

2026 жылғы 24 қарашада Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» КМК-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросы мен Қазақстан Республикасындағы ДДҰ Елдік офисі өкілдерінің мониторингтік сапары өтті.

Мониторингтік миссияға келесі өкілдер қатысты:

Аталған сапар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 2026 жылғы 23–27 қараша аралығында өткізіліп жатқан ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының кезекті миссиясы аясында ұйымдастырылды.

Миссияның негізгі мақсаты – алдыңғы сапар барысында берілген ұсынымдардың орындалу барысын бағалау, қол жеткізілген нәтижелерді талдау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының бірлескен жобаларын іске асыруға техникалық қолдау көрсету.

Миссия аясында келесі бағыттар бойынша жұмыстар қарастырылуда:

ДДҰ өкілдері БҚКЖАА -да жасаған сапары барысында балаларға инфекциялық аурулар бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен, бейінді бөлімшелердің жұмысымен, зертханалық диагностиканың мүмкіндіктерімен және эпидемиологиялық қадағалау жүйесімен танысты.

Кездесу барысында инфекциялық аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы халықаралық тәжірибені енгізу, ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамыту және эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросымен және Қазақстан Республикасындағы ДДҰ Елдік офисімен ынтымақтастық отандық денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және практикалық әлеуетін арттыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.

БҚКЖАА халық денсаулығын қорғауға, инфекциялық аурулардың алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған халықаралық бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қатысуды жалғастырады.