ТМККК шеңберінде емдеу

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі. 23-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ 195-бап. Медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде;

ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын;

әскери-медициналық (медициналық) мекемелерде (ұйымдарда) әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне, құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдар қызметінен босатылған адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен көрсетілетін;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

195-бапты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

196-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші бөлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 22-тармағының 1) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі редакциясын осы Кодекстің 276-бабы 4-т. қараңыз – ҚР 07.07.2020 № 360-VI Кодексімен.

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік қамтамасыз етуді қамтиды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

АИТВ инфекциясы және туберкулез профилактикасы мен диагностикасы жөнінде қызметтер көрсету кезінде;

жарақаттар, уланулар немесе басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлер кезінде;

әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

4) мынадай:

әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

5) мынадай:

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөліміндегі емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда стационарлық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету:

5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен арнайы емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген болуға тиіс.

Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйлері бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қолдануға жол беріледі.

Ескерту. 196-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

197-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру қағидаттары

198-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету мақсаттары

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетудің мақсаттары мыналар болып табылады:

199-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

200-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек

1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:

1) мыналарды: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді;

2) стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

3) жоспарлы нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

4) шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагноз анықталғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімінде емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда);

5) уәкілетті орган айқындайтын аурулардың тізбесі бойынша медициналық оңалту;

6) патологиялық-анатомиялық диагностика;

7) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау мақсатында қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) алуға дайындау, ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау ұсынылады.

2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады.

201-бап. Ерікті медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлеміне, сондай-ақ шығыстарын сақтандыру ұйымы өтейтін қосымша бағдарламаларға енгізілген медициналық көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жеке сақтандыру түрі ерікті медициналық сақтандыру болып табылады.

Ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасында:

жалпы сақтандыру сомасын немесе көрсетілетін медициналық қызметтердің әрбір түрі бойынша жекелеген сақтандыру сомаларын көрсете отырып, сақтанушы ақы төлейтін, ерікті сақтандыру шарты шеңберіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің;

сақтанушы (сақтандырылушы) медициналық көрсетілетін қызметтерді алатын денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі көзделеді.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесін сақтандыру ұйымы сақтанушымен (сақтандырылушымен) келісу бойынша белгілейді.

201-1-бап. Жүктелген медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмек

1. Жүктелген медициналық сақтандыру «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге арналған, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалған талаптарда медициналық көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік беретін медициналық сақтандыру түрі болып табылады.

2. Жүктелген медициналық сақтандырудың үлгі шартында айқындалған сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді алу қажеттілігіне байланысты сақтандырылған адамның мүліктік мүддесі жүктелген медициналық сақтандыру объектісі болып табылады.

3. Сақтандырылған адамның медициналық ұйымдарға жүгіну қажеттілігіне алып келген денсаулық жағдайының нашарлау ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.

4. Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының нашарлауы және медициналық ұйымда соған байланысты медициналық көмек:

Жүктелген медициналық сақтандыру кезіндегі медициналық көмектің ең аз тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

5. Жүктелген медициналық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері тараптар келісімінің талаптарында айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде айқындалатын мөлшерден кем болмауға тиіс:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін – кемінде елу айлық есептік көрсеткіш;

2) стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін – кемінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш.

6. Жүктелген медициналық сақтандырудың өзге де талаптары жүктелген медициналық сақтандырудың үлгілік шартында айқындалады және белгіленеді.

Ескерту. Кодекс 201-1-баппен толықтырылды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

202-бап. Ақылы қызметтер көрсету және өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмек

1. Ақылы негізде ұсынылатын медициналық көмекті (ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді) денсаулық сақтау субьектілері шарт негізінде стандарттарға сәйкес көрсетеді.

2. Азаматтардың өз қаражаты, ерікті медициналық сақтандыру қаражаты, жұмыс берушілердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер ақылы медициналық көрсетілетін қызметтерді қалыптастыру көздері болып табылады.

3. Ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер адамдарға, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға:

4. Ақылы медициналық емес көрсетілетін қызметтер адамдарға қосымша сервистік көрсетілетін қызметтер (жайлылығы жоғары палаталарда болуды қоса алғанда, қосымша тұрмыстық және сервистік көрсетілетін қызметтер; медициналық көрсетілімдермен байланысты емес қосымша күтім; қосымша тамақтандыру; палаталар мен кабинеттерді медициналық емес қосымша жабдық түрлерімен жарақтандыру: телефон, теледидар, ұйымдастыру техникасы, тоңазытқыш; көліктік және басқа да көрсетілетін қызметтер) кезінде ұсынылады.

5. Ақылы көрсетілетін қызмет түрлерін және оларға бағалар прейскурантын денсаулық сақтау субъектілері көрнекі ақпарат арқылы, оның ішінде интернет-ресурстарда халық назарына жеткізеді.

6. Ақылы қызметтер көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйелерінде бастапқы есепке алу мен есептік құжаттама жүргізуді жүзеге асырады.

7. Денсаулық сақтау ұйымы адамдарға ақылы медициналық қызметтерді уақтылы және сапалы көрсеткені үшін олар жүгінген кезден бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

8. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету тәртібін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.

9. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті ақылы негізде ұсынуға тыйым салынады.

Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.