1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Келе жатқан «Алғашқы қоңырау» мерекесі құтты болсын!

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні – барша оқушы қауымы үшін ерекше күн. Бұл күні оқушылар сағынышпен алтын ұя мектебіне оралып, ал мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндер үшін білім әлеміне бастар жаңа әрі қызықты өмірдің алғашқы қадамы басталады.

Осы айтулы мерекеге орай Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және оның «Апорт», «Саялы» филиалдарының қызметкерлерінің биыл алғаш рет 1-сыныпқа баратын 40 бүлдіршінді ерекше құттықтаймыз!

БҚКЖАА-ның директоры Е. Сералин өз құттықтауында:

«Құрметті бүлдіршіндер! Сіздер үшін бүгін – өмірлеріңіздегі ең маңызды әрі есте қаларлық күндердің бірі. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, үлкен білім әлеміне қадам басқалы отырсыздар. Алғашқы қоңырау үні сіздер үшін білім мен ізденіске, достық пен қуанышқа толы жарқын жолдың бастауы болсын!

Мектептегі әрбір күніңіз қызықты сәттерге, жаңа жетістіктерге және әдемі естеліктерге толы болғай. Ұстаздарыңызды құрметтеп, достарыңызбен тату болып, армандарыңызға нық қадам басыңыздар!»

Биылғы оқу жылында бүлдіршіндерге алғашқы қадамдарында қолдау көрсету мақсатында «Ақниет» кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, 1-сыныпқа баратын қызметкерлеріміздің балаларына арнайы құттықтау және сыйлықтар ұйымдастырылды.

Бұл – ұжымымыздың қызметкерлерге және олардың отбасыларына деген қамқорлығы мен қолдауының жарқын көрінісі.

Барша оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздар мен білім саласының барша қызметкерлерін 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, биік белестер, шығармашылық табыс, ашық аспан, бейбітшілік пен ынтымақтастық тілейміз!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!

Алғашқы қоңырау әр шаңыраққа қуаныш, әр жүрекке үміт, әр балаға жарқын болашақ әкелсін!