БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Алматыда Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығы ашылды

2026 жылғы 1 маусымда, Балаларды қорғаудың халықаралық күні аясында, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК базасында Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, медициналық ұйымдардың жетекшілері, инфекционист-дәрігерлер, педиатрлар және денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысушыларды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтап, жаңа орталықтың ашылуы балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдірудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

«Балалардың денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Бүгін ашылып отырған Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығы медициналық ұйымдардың өзара байланысын нығайтып, балаларға көрсетілетін мамандандырылған көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл орталық тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың және заманауи технологияларды енгізудің тиімді алаңына айналады деп сенеміз», – деді басқарма басшысы.

Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығының құрылуы жұқпалы ауруларға шалдыққан балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ өңірлік деңгейде инфекциялық қызметті ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Орталықтың негізгі міндеттері:

Өз кезегінде аурухана директоры Ержан Сералин орталықтың ашылуы балалар денсаулығын қорғау ісіндегі маңызды қадам екенін атап өтті.

«Құзырет орталығының ашылуы – біздің ұжымның көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби әлеуетінің нәтижесі. Орталықтың қызметі балалардағы инфекциялық ауруларды ерте анықтауға, диагностикалау мен емдеудің сапасын жақсартуға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің білімін үздіксіз жетілдіруге бағытталады. Біз бұл орталықтың тек Алматы қаласы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін кәсіби қолдау мен тәжірибе алмасудың жетекші алаңына айналатынына сенімдіміз», – деді аурухана директоры.

Салтанатты рәсім барысында қонақтар орталықтың қызмет бағыттарымен танысып, оның материалдық-техникалық мүмкіндіктерін, телемедициналық шешімдерін және алдағы даму жоспарларын талқылады.

Жаңа орталық балалар жұқпалы аурулары саласындағы клиникалық тәжірибені жетілдіруге, медициналық ұйымдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналады.

Балалардың жұқпалы аурулары бойынша құзырет орталығының ашылуы Алматы қаласындағы балалар инфекциялық қызметін дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл бастама өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, заманауи медициналық технологиялар мен тәсілдерді енгізуге және балалар денсаулығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.