Конституцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысқаны, айқын азаматтық ұстанымы үшін, елдігіміздің іргесін бекемдей түсетін маңызды тарихи кезеңде мемлекетіміздің болашағы жолындағы таңдауға үлес қосқаны, сондай-ақ еліміздің тұрақты дамуына және өскелең ұрпақтың жарқын келешегіне бағытталған Конституцияның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге қосқан еңбегі үшін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Сералин Ержан Болатбекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Марапатты Бостандық аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Т. Сәбен табыстады.

Құттықтаймыз!