2023 жылдың 22 маусымында ауруханамыңыздың акт залында, Медицина қызметкері күніне орай филиал аралық Жайдарман ойындары өтті.
Жастықтың жайма-шуақ кезеңін бастан өткеріп жүрген жалынды жастар жарысқа ерекше дайындықпен келіп, жүлделі болды.
Бас дәрігеріміз Сералин Е. Б. мен кәсіподақ төрайымы Еленбаева Г. Ж. да, қатысушы коммандаларды ақшалы және материалды марапаттарға бөледі. Медицина саласында қажырлы еңбектері үшін, әріптестерімізге мақтау қағаздары берілді! Кәсіби мереке құтты болсын!