Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы клиникалық-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі Жүзенова Гүлмира Садыбақасқызын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің атынан берілген ведомстволық наградасымен шын жүректен құттықтайды!
Гүлмира Садыбақасқызы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін марапатталды.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!