Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, бүгін, 2024 жылдың 31 мамырда МКҚК “Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының” қабылдау бөлімінде аурухана қызметкерлерімен бірлесе С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ профессор- доценттік қызметкерлері бірлесе “Ашық есік” күнін өткізді. Қызылордадан туа біткен ақауы, қосымша сырқаттары бар нәресте мен Алматы, Алматы облысынан білікті мамандардың кеңесін іздеп келген балаларға консультативті көмек берілді.
Бұл жарқын мереке бізге, ересектерге, балаларымыздың өмірі мен денсаулығы, еліміздің болашағы үшін қандай үлкен жауапкершілікті сезінетінімізді еске салады. Әрбір бала махаббат пен қамқорлыққа бөленсін, өйткені әрбір баланың бақытты балалық шаққа құқығы бар.
1 маусым Балаларды қорғау күніне орай “Ашық есік күнін” өткізуге қосқан үлесі үшін келесі кафедра қызметкерлеріне алғыс білдіреміз:
Кафедра меңгерушісі, ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасы м.ғ. д., профессор, Катарбаев А. К. м. ғ. д., профессор