День открытых дверей

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2026 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласының Қала күнін мерекелеу аясында балаларға арналған Ашық есік күні өтетінін хабарлайды.

Іс-шараның мақсаты — ата-аналардың балалар денсаулығын сақтау, инфекциялық аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыру, сондай-ақ балаларға білікті консультациялық көмек көрсету.

Ашық есік күні аясында балалар мен олардың ата-аналарына жетекші мамандар тегін консультация береді, оның ішінде:

Іс-шараға келушілер балалар арасындағы инфекциялық аурулардың алдын алу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша консультациялар мен ұсынымдар, сондай-ақ балалардағы инфекциялық ауруларға қатысты өзекті сұрақтарға жауап ала алады.

Іс-шара туралы ақпарат

Өткізілетін күні: 2026 жылғы 18 қыркүйек

Уақыты: 09:00–12:00

Өткізілетін орны: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы» ШЖҚ КМК

Мекенжайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 299А.

Балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерін іс-шараға қатысып, білікті мамандардан кеңес алуға шақырамыз.