Балалар инфекциясы: клиникалық ұсыныстардан тәжірибеге дейін

2026 жылғы 29 мамырда Алматы қаласының ШЖҚ «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» КМК базасында педиатрлар, инфекционистер және жалпы практика дәрігерлеріне арналған «Балалар инфекциялары: клиникалық ұсынымдардан тәжірибеге дейін» тақырыбындағы қалалық конференция өтті.

Конференция Алматы қаласының алғашқы медициналық-санитариялық көмек МСАК мамандарын біріктіріп, балалардағы инфекциялық патологияларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерін талқылауға арналды.

Ғылыми бағдарлама аясында жетекші сарапшылар келесі баяндамаларын ұсынды:

Конференция барысында қатысушылар заманауи клиникалық ұсынымдарды талқылап, тәжірибелік білімдерімен алмасты және күрделі клиникалық жағдайларды қарастырды. Бұл балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқаны, кәсіби тәжірибе алмасқаны және медициналық қауымдастықтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Осындай іс-шараларды өткізу мамандар арасындағы пәнаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және практикалық денсаулық сақтау саласына заманауи тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.