Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы (БҚКЖАА) «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «Отаным десем, ойыма…» атты челленджге қосылды.
Аталған бастама патриоттық құндылықтарды дәріптеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, ел тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсетуге және тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш сезімін нығайтуға бағытталған.
БҚКЖАА-ның ұжымы бұл бастаманы қолдай отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін, ел бірлігі мен қоғамдық келісім құндылықтарына адалдығын білдірді. Челленджге қатысу — патриотизмнің тек сөзбен емес, күнделікті адал еңбекпен, адамдарға қамқорлық жасаумен және қоғамға қызмет етумен көрініс табатынын көрсетудің бір жолы.
Медицина қызметкерлері үшін өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау — еліміздің болашағына қосылған маңызды үлес. Балалардың денсаулығын қорғау арқылы аурухана ұжымы отбасылардың амандығына, қоғамның саулығына және Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Республика күні — мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің және Қазақстан халқының бірлігінің символы.
БҚКЖАА-ның ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз өркендеп, әр шаңыраққа бақ-береке, бақыт пен амандық орнасын!
ДГКИБ баспасөз қызметі