Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «Балалар қалалық Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаздың алғашқы күнімен бірге келетін бұл мереке – балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты, ең жарқын және асыға күтетін ерекше күндердің бірі.
Балалардың амандығы мен бақыты – әр отбасының, әр қоғамның басты құндылығы. Әрбір бала сүйіспеншілік пен қамқорлыққа бөленіп, дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуге лайық.
Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз сіздерді елін сүйетін, халқына қызмет ететін адал азамат болуға жетелесін. Болашақтарыңыз жарқын, дендеріңіз сау, аспандарыңыз ашық болсын! Еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын білімді де парасатты ұрпақ болып қалыптасыңыздар!
Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін! Баршаңызға зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілеймін!
Ізгі тілекпен! ҚКБЖАА ұжымы.