Халықаралық медбикелер күні

Жылдағыдай ауруханамызда Мамырдың 12-сінде Халықаралық медбикелер күні (International Nurses Day) атап өтіледі.

Халықаралық медбикелер күніне 150 жылдан астам уақыт толуда! Бүгін де медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда медбике жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі. Әсіресе бүгінгі күні әлемде орын алған пандемия кезінде медбике мен мейіргерлердің еңбегін атап өтпеске болмас! Мейрам құтты болсын мерейлі еңбектің мейірімді жандары!