Бүгін, 7 ақпанда БАБЖ үйлестірушісі, жоғары санатты дәрігер, балалар инфекционисті Г. А. Жексеитова БАБЖ бағдарламасы бойынша аурухана дәрігерлерімен алғашқы семинар өткізді.
Балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару бұл ДДҰ әзірлеген, дәлелді медицинаға негізделген стратегия, оны дұрыс қолданған кезде 5 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы, өлімі және мүгедектігі төмендейді.
Бұл стратегия науқас баланың жағдайын мақсатты бағалауға негізделген. Өлім қаупін болдырмау мақсатында мақсатты бағалау, тексеру және шешім қабылдау алгоритмі пысықталды