Көрінбейтін жаудан қорғау: антибиотикке төзімділіктің алдын алу

Қазіргі уақытта бүкіл адамзат үшін жаһандық қауіпке айналған микробқа қарсы тұрақтылық мәселесі туралы Дүниежүзілік хабардарлықты арттыру апталығы жүріп жатыр. Осы апта аясында біздің ауруханада медицина қызметкерлерінің микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалану туралы хабардарлығын арттыру мақсатында «микробқа қарсы препараттарға төзімділік» тақырыбы бойынша оқыту жүргізілді. Микробқа қарсы препараттарды дұрыс қолдану, санитарлық ережелерді сақтау арқылы біз жаһандық проблемадан – микробқа қарсы тұрақтылықтан аулақ бола аламыз.

#Antibicrobiaresistance #amrchallengekaz