«Балалар инфекциясы» конференциясы — 29 мамыр Алматыда

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Алматы қаласының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК 2026 жылғы 29 мамыр күні Алматы қаласында өтетін:

«Балалар инфекциялары: клиникалық ұсынымдардан тәжірибеге дейін» атты қалалық конференцияның өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конференция Алматы қаласының «Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында өтеді.

Конференция ұйымдастырушылары:

Конференция жұмысына дәрігерлерді, денсаулық сақтау саласының мамандарын, оқытушыларды, ғылыми қызметкерлерді, резиденттер мен медицина жоғары оқу орындарының студенттерін қатысуға шақырамыз.

Конференция тақырыбы: «Балалар инфекциялары: клиникалық ұсынымдардан тәжірибеге дейін»

Өтетін күні: 2026 жылғы 29 мамыр

Қатысушыларды тіркеу: 13:30

Конференцияның басталуы: 14:00

Өтетін орны: Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы 4-қабат, конференц-зал

Өткізу форматы: Офлайн / онлайн

Конференция модераторы:

Қатарбаев Әділ Қайырбекұлы — медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі.

Конференция балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерін, сондай-ақ пациенттерді жүргізудің заманауи клиникалық тәсілдерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналады.

Іс-шара аясында жетекші мамандардың баяндамалары, клиникалық ұсынымдар және инфекциялық патологиясы бар пациенттерді жүргізудің тәжірибелік тәсілдері ұсынылады.

Конференция соңында пікірталас, өзекті мәселелерді талқылау және қорытынды шығару жоспарланған.