Коронавирус: екінші толқынның қарқыны қатты болуы мүмкін – дәрігерлер

Эпидмаусым кезінде жеке бас гигиенасын сақтаған маңызды. Алғашқы толқында коронавируспен ауырғандарға да сақтық шараларын барынша орындау керек. Себебі екінші толқынның қарқыны қатты болуы мүмкін дейді дәрігерлер.

Мыңжылқы Бердіқожаев, қалалық орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің басшысы:

Жаз айында ауырып шыққан кісілердің көбісі «Мен коронавируспен ауырдым» деп бір жалған сезімде болуы мүмкін. Ол ауырған кісілердің шамамен 10 проценті, 20 процентіне дейін коронавирустық инфекция емес, ол басқа пневмонияның түрі болуы мүмкін болатын. Сол кісілер мына күз уақытында егер иммуноферменттің анализдері теріс көрсететін болса, күзде коронавирустық пневмониямен ауырып қалу мүмкіндігі әлі де бар. Сондықтан сақтанып жүргендері дұрыс.

Баянсұлу Табинова, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Әр адамның жеке гигиенасы. Мүмкіндігінше қол алысып және құшақтасып амандаспау керек.