Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін арнайы барып құттықтап, олардың ерлігі мен батырлығына терең алғыстарын білдірді.
Ардагерлерге дәмді тағамдар салынған сыйлық себеттері, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдары, сондай-ақ Бостандық ауданы әкімдігі атынан құттықтау ашық хаттары мен төс белгілері табыс етілді.
Мұндай кездесулер — бейбіт өмірдің қандай құрбандықпен келгенін еске салатын әрі мәңгілік тағзымның белгісі.