Мамандар инфекцияның алғашқы белгісі білінсе

Мамандар инфекцияның алғашқы белгісі білінсе, бірден дәрігерге қаралу керек деп ескертеді.

Биылдың өзінде бұл індетті жұқтырғандардың саны 6 мыңға жуықтаған, оның 4400-і бала. Бұл ресми сан. Бірақ балтыры сыздап, басы ауырса да ауруханаға асықпайтындар көп. Ішек инфекциялары анадан балаға сүт арқылы жұғатындықтан сәбилерден де вирус көп анықталады. Энтеровирусты инфекция жиі кездеседі.

Ауру әсіресе, мамыр мен қазан айының арасында өршиді. Бастапқы белгілер 2-10 тәулік ішінде, ал инкубациялық кезең 7 күнге созылады екен. Бұл кезде науқастың дене температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Мамандар инфекцияның алғашқы белгісі білінсе, бірден дәрігерге қаралуды ескертеді. Өйткені дер кезінде ескерілмеген вирус өзге де органдарды зақымдайтын көрінеді.

Аталған вирус алдымен асқазан ішек жолдарын қатты зақымдайды.